QUNDYLYQ
бұл заманауи бағдарламаларды әзірлейтін және мектеп қызметкерлерін білім мен тәрбиенің құндылықтарға негізделген моделі бойынша оқытатын білім беру орталығы
БІЗДІҢ МИССИЯ | ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРМЕН ДӘРІПТЕУ | БІЗДІҢ МИССИЯ | ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРМЕН ДӘРІПТЕУ
БІЗДІҢ КОМАНДА
Біз 4 жылдан бері жұмыс істеп, 10 000-нан астам мұғалімді және 250-ден астам мектепті оқыттық. Әрбір команда мүшесі – педагогикалық білімі мен мектепте жұмыс тәжірибесі бар, балалармен қарым-қатынас орнатуда үлкен тәжірибесі бар мамандар
Біз тек теориямен шектелмейміз! Құндылықтарға негізделген білім беру жүйесін шетелде зерттеп, кәсіби деңгейде оқудан өттік, сондай-ақ өзіміздің инновациялық әдістерімізді жасап, белсенді түрде енгізудеміз. Сондықтан, Ethno-camp лагері – жай ғана демалыс емес, балаңыздың болашағына жасалған инвестиция!
  • Жігер Телюқанов
    Qundylyq орталығының басшысы
    «Қазақстанның үздік мұғалімі», "Global Teacher Prize-2023" жаһандық премиясының үміткері
    Білімі: Педагогика және психология докторанты (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ).
    Химия пәні мұғалімі, CLIL әдістемесі бойынша тренер.
    Жұмыс тәжірибесі: Білім беру саласында 10 жылдан астам.
    Жобалар: Qundylyq командасымен бірге VBE (Values-Based Education) және SEL (Social and Emotional Learning) негізіндегі «Құндылықтарға негізделген білім беру» жобасын енгізу бағытында жұмыс істейді.
    Халықаралық тәжірибе: 12 мемлекетте (Англия, Франция, Испания, Бельгия, Үндістан және т.б.) білім беру тәжірибесімен танысқан, халықаралық курстардан өткен.
  • Сағадат Альмагамбетов
    Qundylyq орталығының әдіскер-тренері
    Білімі: Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Институты, «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы.
    Жұмыс тәжірибесі: 10 жылдан аса білім беру саласында тәжірибе, «Білім-Инновация» лицейлерінде білім беру және тәрбие ісі.
    Мамандану: Оқушылардың білім сапасын арттыру және шығармашылық әлеуетін дамыту.
    Әдістемесі: Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың тиімді әдістері, инновациялық білім беру технологияларын қолдану.
    Жетістіктері: Ұлттық және халықаралық білім байқауларында жоғары нәтижелерге қол жеткізген, ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік еткен.
    Халықаралық тәжірибе: Бельгия, Гент қаласында Europass Teacher Academy ұйымдастырған «Coaching and Mentoring to Support Teachers» курсынан өткен.
  • Жанель Кадырова
    Qundylyq орталығының әдіскер-тренері
    Білімі: Bolashaq академиясы, «Педагогика және психология» мамандығы; Мәскеу қосымша кәсіптік білім беру академиясы, «Оқу орнындағы кәсіптік бағдар беру жұмысы» мамандығы.
    Жұмыс тәжірибесі: Білім беру саласында 8 жылдан астам; психолог және психолог-профориентатор ретінде жұмыс істеген.
    Жетістіктері: Кәсіптік бағдар беру мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсын әзірлеуге қатысқан.
    Халықаралық тәжірибе: Бельгия, Гент қаласында Europass Teacher Academy ұйымдастырған «Coaching and Mentoring to Support Teachers» курсынан өткен.
  • Арсен Ерсін
    Qundylyq орталығының әдіскер-тренері
    Білімі: Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті, «Математика және информатика мұғалімі» мамандығы.
    Жұмыс тәжірибесі: Павлодар «Білім-Инновация» лицейінде тәрбиеші және мұғалім; 5 жылдан аса педагогикалық тәжірибе.
    Мамандану: Информатика пәні бойынша кәсіби дамытушы тренер.
    Жетістіктері: Облыстық және республикалық олимпиада жеңімпаздарын дайындаған.
    Халықаралық тәжірибе: Бельгия, Гент қаласында Europass Teacher Academy ұйымдастырған «Coaching and Mentoring to Support Teachers» курсынан өткен.
    Қоғамдық жұмыс: Оқушылар парламентін құру және мектеп мәдениетін құндылықтармен байланыстыру жұмыстарына белсенді қатысқан.
  • Абылай Нұрдәулет
    Edlight Academy GR manager
    Modern Teachers Academy 2023-2024, республикалық үздік жоба, 1 орын
    Жыл мұғалімі 2022, 1 орын
    Дарынды балаға Талантты ұстаз 2021, 1 орын
    Мамандығы: Математика пәнінің мұғалімі
    Жұмыс тәжірибесі: Білім саласында 7 жылдық тәжірибе.
  • Нургожаев Гани
    "Білім-инновация" Халықаралық қоғамдық қорының кәсіби бағдар беру бөлімінің басшысы
    Педагогика ғылымдарының магистрі
    “Педагог-шебер” біліктілік санатының иегері
    Жұмыс тәжірибесі: Білім беру саласындағы 17 жылдық еңбек өтілі
    ҚР Президентінің “Халық алғысы” медалі (2020)
    “Білім беру ісінің үздік педагогы – 2020” республикалық байқауының І дәрежелі дипломы
    ҚР БҒМ “Дарын” орталығының Құрмет грамоталары (2018, 2019, 2021)
    ҚР білім беру жүйесіне қосқан үлесі үшін министрліктің Алғыс хаты (2017)
    Жетекшілігімен оқушылар:
    Республикалық және халықаралық олимпиадаларда жүлделі орындар иеленді (Mendel’s International Biology Olympiad, British International Biology Olympiad, Mostratec, республикалық биология олимпиадалары).
  • Балжан Туякбаева
    Білімі: Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ, «Шетел филологиясы» және «Аударма ісі» мамандықтары; Аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті, «Педагогика және психология» мамандығы бойынша магистратура
    Жұмыс тәжірибесі: Білім беру және психология саласында 10 жылдан астам; ағылшын тілі мұғалімі, академиялық коуч және психолог ретінде жұмыс істеген.
    Жетістіктері: Транзакттік анализ тәсілі бойынша бірнеше кәсіби курстарды аяқтап, жеке психологиялық практика жүргізуде.
    Халықаралық тәжірибе: Оңтүстік Кореяның Keimyung университетінде және Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетінде академиялық тәжірибеден өткен
Made on
Tilda